Қаріп көлемі
РМҚК-НЫҢ «АВИЯЦИЯМЕН ОРМАН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚАЗАҚ БАЗАСЫ»РЕСМИ САЙТЫ
Қызмет түрі |
РМҚК «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» (бұдан былай Қазавиаорманқорғау) негізгі қызметінің түрлері ҚР аумағында ормандарды авиациямен өрттен қорғауды жүзеге асырады, аурулар мен зиянкестерден қорғап орман шаруашылығына қызмет көрсетеді.
- Орман заңнамаларын бұзушыларды табу және жол бермеу, орман өрттерін уақтылы тауып және қолма-қол өшіру; -Ормандармен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын сақтау және қорғау бойынша жұмыстар жүргізу;-Ормандардың қалыптан ауытқуынан (патология) бақылау жасау, зиянкестер және аурулармен күрес жүргізу бойынша авиахимиялық жұмыстарды орындау; -Орман, аңшылық және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қажетіне қарай ұшуларды орындау; -Ормандарды өрттен қорғау, сақтау және жануарлар әлемі саласында жарнама ақпарат тарату іс-әрекеттерін ұйымдастыру, жергілікті тұрғындар арасында жаппай үгіт-насихат түсіндіру жұмыстарын жүргізу; Алматы, Талдықорған және басқа облыстарда жаппай орман өрттері тұтанғанда авиаөрт қызметі өте күрделі жағдайда сұрапыл өртпен күресудің жоғары деңгейдегі ұйымшылдық іскерлігін бірнеше рет көрсетті. 1980 жылдардың аяғында (1989ж.) 14 авиаөрманқорғау бөлімшелерінің(Алматы, Орал, Талдықорған, Петропавл, Көкшетау, Бурабай, Целиноград, Қарағанды, Павлодар, Семей, Ленинагорск, Зырьяновск және Қатон-Қарағай авиабөлімі ) 6,5млн га астам орманды күзетті. Авиашолғындау және орман өрттерін өшіруге Қазавиаорманқорғау Азаматтық авиациа бөлімшелерінен 29 әуе кемесін жалдады. Осы уақытқа барлық жиынтығымен қызмет көрсетудің балама мекемесі (фирма) «Қазавиаорманқорғау» мекемесінен басқа Республикада ешкім жоқ. Авиакомпаниялардағы МИ-2, МИ-8, МИ-171 тік ұшақтарын пайдалану жалғасып жатыр. Қазавиаорманқорғау шет елдік ұшу аппараттарының басқа Белл-206, МD-600, ЕС-120-В, ВО-105 түрлерін пайдалануға көшіп жатыр. Советтер одағының тарқауына байланысты экономикалық дағдарысқа ұшырағандықтан орман авиациалық жұмыстарын қаржыландыру 8 есе қысқартылды. Мұның әсері барлық ұшу сағаттарын жылына 7-8мыңнан 300-2000 сағатқа дейін қысқартуға әкеліп соқты. (1985 жылдан 1992 жылға дейін). 2003 жылдан осы уақытқа дейін ұшү сағаты біркелкі 6200-9000 сагат жылына. Авиаөртқызметі жаппай орманөрттері тұтанғанда өте күрделі жағдайларда сұрапыл өртпен күресудің жоғары деңгейдегі ұйымшылдық іскерлігін бірнеше рет көрсетті. Авиациаменорманқорғау орман шаруашылығы іс-тәжірибесіне берік кірді және Қазақстан орманды аудандарында өртке қарсы шаралар жүйесінде жетекші орын алды. |
РМҚК-НЫҢ «АВИЯЦИЯМЕН ОРМАН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚАЗАҚ БАЗАСЫ»РЕСМИ САЙТЫ