Сайттың толық нұсқасы

Қаріп көлемі

БАСТЫ   ЖАҢАЛЫҚТАР   ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖОЛДАУЫ   ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР



Жаңа Жыл Құтты Болсын!

Құрметті Қазақстандықтар!

   Сіздерді келе жатқан Жаңа 2018 жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Құттықтай отырып баршаңызға келе жатқан жаңа жыл, барлық істеріңізбен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстарға кенелтіп, жанұяларыңыздың денсаулығы мықты болып, бақытымен байлағын ала келіп, береке бірлік орнасын! 

 Ізгі тілекпен, РМҚК «Қазавиаорманқорғау» ұжымы.



Тәуелсіздік Күнімен!

Құрметті Қазақстандықтар!

     Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілей отырып, алға қойған мақсаттарыңыздың орындалуы мен жоспаларыңызбен жаңа идеяларыңыздың жүзеге асуына тілектеспіз!

Ізгі тілекпен, РМҚК «Қазавиаорманқорғау» ұжымы.



Тұңғыш Президенті Күні!

Құрметті Қазақстандықтар!

   Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілей отырып, алға қойған мақсаттарыңыздың орындалуы мен жоспаларыңызбен жаңа идеяларыңыздың жүзеге асуына тілектеспіз!

Ізгі тілекпен, РМҚК «Қазавиаорманқорғау» ұжымы.



Табиғат байлығын қорғау – қастерлі міндет

Алматы облысында «Қазавиаорманқорғау» РМҚК Іле-Алатауы ұлттық табиғи паркі жұмысшылары, Алматы облыстық орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандарымен бірлескен авиабақылау жұмыстары жалғасып жатыр, -деп хабарлайды «Айқын.кз» тілшісі.

Кезекті әуе бақылау шарасы Іле Алатауынан бастап, Күнгей Алатауына дейінгі аумақты қамтыды. «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның аға-ұшқыш бақылаушысы Талғат Аливтің айтуынша, бүгінгі шара, заңсыз аң аулауға шыққан браконьерлерді табу, анықтау және аң аулаудың алдын-алу мақсатында жүргізілген.

Тікұшақ көмегімен орындалған шара Талғар, Түрген, Асы, Саты, Көлсай, Құрметі елді-мекендерінің үстінен бақыланды. Шара барысында, аңшылардың іздері табылмады. Әуе бақылауында, Іле-Алатауы ұлттық табиғи паркінің аумағында тұрғызылып жатқан киіз үй тексерушілердің назарына іліккенімен, олардың тау-шаңғы курорты аймағын жобалаушылар екендігі белгілі болды.

Сол сияқты, Саты ауылының жоғары жағындағы жайлауда тұрған көлік иелерін тексергенімен, олардың тек ауыл маңынан ұзап кеткен қойларын іздеп шыққан жергілікті тұрғындар екені анықталды. Жұмыс күнінің қорытындысы бойынша, таулы аймақтан ешқандай заңбұзушылық деректері анықталмады.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ, суреттерді түсірген автор.

Алматы облысы

https://aikyn.kz/2017/11/25/34497.html



Өрттің шықпауын әуеден қадағалайды

Қарағайы қалың жотадан будақтаған түтінді байқаған өрт сөндірушілер тікұшақты солай қарай бағыттап, өр жағындағы жазыққа қонды. Тұтанған жалын жан-жағын шарпып барады. Катонқарағай аумағындағы өртті әуеден бақылайтын бұл топ жедел қимылдап, тілсіз жаудың бетін қайтарды.

   Биылғы жазда Катонқарағай «ҚазӘуеОрманқорғау» бөлімінің қарамағындағы аумақта 21 рет дала өрті орын алған екен. Ол аумаққа Катонқарағай мемлекеттік табиғи ұлттық паркі мен Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағы, Үлкен Нарын, Күршім, Зайсан өңірлеріндегі орманды алқаптар кіреді.

Барлығы 1 млн. 336,4 гектар жерден өрттің шықпауын қарап отырған он шақты ғана адам. Оның бірі аға ұшқыш-қараушы, енді бірі өрт сөндіруші десант тобының нұсқаушысы, радиооператор және өрт сөндіруші десантшылар.

— Әсіресе, жаздың соңы мен күз айларында дала өрттері көп орын алады. Оның басты себебі — адамдардың далалы жерде, орманды алқаптарда өрт қауіпсіздігін сақтамауы. Жаққан оттарын толықтай өшірмейді, қураған шөпке шеккен темекі тұқылдарын тастай салады. Кейбір жағдайда тракторлардың мұржасынан шыққан ұшқын да өртке себеп болады. Халық отынды орманнан алады. Ал сол отын өртке себеп болатын аамдардың өздеріне керек екенін естерінен шығармаса екен, — дейді аға ұшқыш-қараушы Артем Воробьев.

Катонқарағай, Марқакөл өңірлері орман қорына бай болғанымен, ағаш алуға қолайлы орындар аз. Көп бөлігі техника жетпейтін жерлерде. Ағаш өңдеу осы өңірлерде кенже қалып отырғаны да осыдан болса керек. Жалпы, облыс бойынша ағаш дайындап, өңдейтін елуден астам ғана кәсіпорын бар. Олардың ішінде мардымды жұмыс істеп отырғандары саусақпен санарлық қана. Ал билетпен босатылған ағаштардың көп бөлігі отын ретінде ғана пайдаланылады.

Катонқарағай «ҚазӘуеОрманқорғау» бөлімінің мамандары қар түскенше бұл аумақтарын тілсіз жаудан қорғап, қалтқысыз қызмет етеді. Ашық күндері төңіректі әуеден шолып, өрт шығып кетпеуін бақылап отырады. Мұндағы әр маман өз міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Қарамасқа бола ма?!

Алтай мен Зайсанның арасындағы орманды, таулы алқаптың жайқалып тұруы әуе өрт сөндірушілеріне тікелей байланысты. Қарағайлы жердің өрті бір лап етсе, сөндіру қиынның қиыны. Төр Алтайдың табиғатын темекінің тұқылы-ақ құртып жіберуге қауқарлы. Сондықтан табиғат әр адамның қорғауында болу керектігі де үнемі түсіндіріліп отырады. Артем Воробьевтің айтуынша өртті сөндіргеннен гөрі алдын ала халыққа ескерту жұмыстарын жүргізу тиімді. Ол үшін олар ауыл халқына далалы жерде от жағудың тәртібін түсіндіріп, ереже жазылған үндеу парақтарын таратады.

https://kaz.altaynews.kz/archives/19591

Мерей Қайнарұлы



Орманды өрттен қорғайық!

 Біздің елде орман өрттері үнемі кездеседі. Көп жағдайда орман өрті адамдардың кесірінен туындайды. Ормандағы барлық өрттердің үлкен бөлігі сырттан, яғни егістік алқаптарынан, жол жатқан, өзен жағалауларынан келеді. Орман өрттері теқ қана ормандардың жойылуына ғана емес, сонымен қатар елдімекендерге де қауіп төндіреді. Көктемгі және жазғы-күзгі кезеңде орманда адам саны ең көп болатын уақыт және олардың көпшілігі өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін білмейді. Олар өздерін қоршаған ортаға ұқыпсыз қарағанның салдарынан, темекі тұқылын немесе сіріңкені өшіруді ұмытып тастап кететіндіктен және өртті сөндіріп кетуге ерінгеннің себебінен өрт туындайды. Бұның барлығы жаман ниеттен туындамайды, алайда арты қайғылы жағдайларға әкеліп соқтырады. Орманға демалуға жиналсаңыз өрт қауіпсіздігі ережесін есіңізден шығармағаныңыз абзал. Табиғатта отпен абайсыз әрекет жасауға болмайды.

  Орманда отты жағар кезде барлық сақтық шараларын қатаң сақтаңыз.

Міндетті түрде от жағу орнын дайындап алу керек немесе алдын ала дайындалып қойылған орынды пайдалану қажет. Ағаштардан алыс орналасқан ашық жерді таңдаңыз. От жағатын жерді шөптен тазартып, май құю үшін күрекпен кішкене шұнқыр қазып алыңыз. Шөпті жай ғана алып тастау керек, бұл жағдайда сіз жердің құнарлы қабатын бүлдірмейсіз. От жағылатын жерден жарты метрден 1-метрге дейінгі радиустағы шөпті жұлып тастаңыз.

  Отты бір минутта көзден таса қылмаңыз. Қосымша дайындап қойған майды оттан бірнеше метр жерге қойыңыз. Арнайы қажеттілікті қажет етпесе, өте жоғары от жағу қажет емес (мысалы, сигнал оты). Оттың, әсіресе, желді ауа-райында мүмкіндігінше аз ұшқыш беретіндігін бақылаңыз. Қатты желде от жағуғу болмайтынын айта кетсек артық болмайды. Өрттпен шыққан ұшқыш шөптің немесе ағаштардың өртенуіне себеп болуы мүмкін. Оттық ретінде құрғақ жапырақтары бар отын бұтақтарын пайдаланбаұға тырысыңыз, себебі өрттен шыққан ұшқындар жай ғана ұшып кетпейді, одантұтас үлкен от бөлінеді. Жақын жерде су бар болса, суды көбірек жинап аоған дұрыс болады.

  Орманда тыйым салынады:

Темекі шоқтарын және ыстық сіріңке тастауға, орманда әртүрлі пиротехникалық бұйымдар: петардалар, бенгал шамдары, шамдар және т.б. қолдануға , отқа немесе жанармай сіндірілген маталар мен материалдарды қалдыруға, балаларға отпен ойнауға рұқсат беруге, әсіресе желді ауа райында отты қараусыз қалдыруға.

  Тұрақтан кетіп бара жатып

Өртті сумен бүркеп, топырақ шашып сақтықпен мұқият сөндіріп кету қажет. Егер сіз шөпті түсіріп алсаңыз, онда отты шөппен жабыңыз. Өрттің сіз кеткеннен кейін біраз уақыттан соң қайта жанып кетпейтініне көз жеткізіңіз. Өзіңізден кейін бәрін реттеп, әкелген нәрселеріңізді жинап кетіңіз. Бұл орманның қонақжайлылығы үшін құрмет пен алғыс.

Орманды өрттен қорғаныз! Табиғатты сүйіп, құрметтеңіз, ол сізге ормандар, өзендер мен көлдердің байлығын сыйлайды.

Бауыржан ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ,

Алматы авиабөлімшесінің ұшқыш-бақылаушысы



09.06.2017 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ақбұлым ауылынын Шығыс беткейінде табиғи өрттердың алдын алу бойынша өрт сөндыру.

     Қазақстан Республикасының Премьер Министрі Б. Сағынтаевтың 30.05.2017жылғы №21 «Орман және дала –өттерын жоюдың дайындығы және оның алдын алу» туралы хаттамалық тапсырысының 2 тармағын орындау мақсатында 09.06.2017 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ақбұлым ауылынын Шығыс беткейінде табиғи өрттердың алдын алу бойынша өрт сөндыру- тактикалық оқу-жаттығу іс-шаралық жоспары өткізілді. Өрт сөндіру- тактикалық оқу-жаттығу іс-шарасына төмендегі мекемелердің қатысуымен өткізілді:
   1. Жамбыл, Байзақ, Ақыртөбе орман шарушылығы
   2. Жамбыл облысының ТЖМ
   3. Облыстық азаматтық қорғаныс қызметы
   4. 5513 ҚР Ұлттық гвардиясы
   5. АО «Қазавиақұтқару»
   6. РМҚК «Қазавиаорманқорғау» Жамбыл авиатобы
   7. Облыстық және қалалық әкімшілік аппараты
     Іс-шараға 220 адам, 40 бірлік техникасы ұжымдырылды.
   Тактикалык оку-жаттыгу ыс-шарасына Жамбыл облысының әкімі К.Н. Көкрекбаев басшылық етті.
   Өрт авиаорманқорғау әуе кемесінің көмегімен байқалып облыстың ТЖМ радиосвязь арқылы жеткізілді және Жамбыл авиатобының өрт сөндіру десантшылары тік ұшақтың көмегімен жеткізілді.
   Тактикалық оқу-жаттығу іс-шарасының соңында комиссия мүшелері өздерінің - оң бағасы берілді.



ӘУЕДЕГІ ОРМАН КҮЗЕТІ

ӘУЕДЕГІ ОРМАН КҮЗЕТІ



Шығыс Қазақстан таулы аймақтағы оқу-жаттығу.




Репортаж телеканала Жетысу "Орманды орттен коргайык"



Құрметті орман шаруашылығы қызметкерлері, әріптестер!


Құрметті орман шаруашылығы қызметкерлері, әріптестер!

     РМҚК «Қазавиаорманқорғау» 2016 жылдың жоспарын зор абыроймен, жоғары көрсеткіштермен орындап шықты.

     Ұлттық қаржының құнсыздауына байланысты, белгіленген тариф (РБК бекітілген) нақты қажеттілікпен сәйкес келмейді, мониторинг өткізіліп, ұшу сағатының тарифі «нақтылы кажеттілікке» келтірілді, соған байланысты сағат көлемі 7339-дан 5295 сағатқа кеміді.

     РМҚК «Қазавиаорманқорғау»-дың қорғайтын аумағы бұрынғы қалпында қалды. 8869 мың га, 2016 жылғы ұшу 5210 сағатты құрады.

     Бюджеттен 1756836 мың теңге қаржы бөлініп (100% игерілді). 2016 жылы 231 орман өрті шықты. Өртеніп кеткені 3600 га, соның ішінде 212 га орманды және 3388 га ормансыз алқап.

     РМҚК «Қазавиаорманқорғау»-дың тапқан өрт сандары 173 (шыққан өрттердің 87% құрайды, (ҚР А.Ш.М. стратегиялық жоспары 73%) өрт сөндіруші десантниктер барлық шыққан орман өрттерінің 98 % өшіруге қатысты. (өртті табу және өртті өшіру 53 өртті есепке алмағанда, бұл өрттер ұшпайтын мезгілде болған және Ә.К. жоқ кезде).

     Соңғы бес жылдықтың орта көрсеткіштерімен салыстырғанда быйылғы өрттер саны 1,4 есе азайды, өртенген алқап 3,9 есеге төмендеді. Бір өрттің орташа алқабы 0,8 га. ҚР А.Ш.М. стратегиялық жоспары 4,2га.

     Аумақтық инспекция қызметкерлерін, табиғи ресурстар басқармасынан, табиғат қорғау прокуратурасынан, полициядан, БАҚ-нан адамдар қатыстырылып бірге авиарейдтер жасадық.

     Өндірістік жоспар негізінде өртке қарсы профилактикалық жумыстар жүргізілді:

     Орман шаруашылығы органдарымен 28 жиналыс, БАҚ-да 28 мақала басылды, 85 лекция, докладтар, әңгімелер оқылды, 17 үгіттеу авиарейдттері ТВ, радионың қатысуымен.

     РМҚК «Қазавиаорманқорғау»-дың сайтында (aviales.kz) жарияланды, жарнамалық-ақпараттық өнімдер (календарлар, планерлер, постерлар) олар әр түрлі ведомстволарға таратылып берілді.

     Үкіметтің қабылдаған Қаулысына байланысты тік ұшақ қызметтерін орындау үшін «Бірден-бір оператор» болып «Қазавиаспас» АҚ белгіленді. 2017 жылы тік ұшақтарды жалға алу мәселелері жеңілдейтін болды, атап айтқанда уақытында келісім шартқа отырамыз, тік ұшақтарды авиабөлімшелерге жеткізіп беруде, осыған сәйкес қажеттілік туғанда тез маневр жасауға мүмкіндік бар.

     2016 жылы көптеген қыйын жағдайлар болды, ең бастысы ұшу сағатының 2000 сағатқа кемуі, жоспарлаған көлемінен. Осы келелі мәселелерге қарамай біз орман шаруашылығы және жануарлар дуниесі Комитетінің төрағасы м.а. Устемиров Қ.Ж. кәсіби шеберлікпен басқаруының арқасында стратегиялық жоспардың барлық көрсеткіштерін 2016 жылдағы өрт қауіптілігі мерзімін табысты аяқтадық.

     РМҚК «Қазавиаорманқорғау» ұжымы Устемиров Қ.Ж. мырзаның біздің жағдайды, өндірістік мәселелерді шешуге түсінікпен қарап, қолдау көрсеткені үшін ризамыз.

     Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің төрағасы м.а. болып келген Айнабеков М.С. (РМҚК «Қазавиаорманқорғау»-дың барлық келелі мәселелерін білетін) кәсіпорынның қаржылық – техникалық мәселелерін орманавиация жұмыстарын сапалы, ұтымды, тиімді орындауға құқылы түрде шешуге ықпал жасайды деп үміттенеміз.

     Осы жағдайды пайдаланып өз атымнан және барлық РМҚК «Қазавиаорманқорғау» ұжымының атынан Марлен Сансызбайұлы! жаңа лауазымға тағайындалуыңызбен құттықтаймын! және де келе жатқан жаңа 2017 жылымен құттықтаймын, мол табыс, зор денсаулық, бақыт, Қ.Р. орман байлығын сақтап көбейту саласында жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз!

 

 



Құрметпен

РМҚК «Қазавиаорманқорғау» Бас директоры Сексенбаев Т.Т.

 




Сіздерді мемлекеттік мерекеміз - Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Сіздерді мемлекеттік мерекеміз - Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймыз.



РМҚК «Қазавиаорманқорғау»-дың бас директоры Сексенбаев Төлеуғазы Төлеубекұлына құрмет грамотасын тапсырды.



28 қараша 2016ж. Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылығы Министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің өкілетті органының өкілі, ұйымдастыру және кадрлар жұмысы басқармасының бастығы  Сулейменов Асыл Абайханович  мырза  РМҚК «Қазавиаорманқорғау»-дың бас директоры Сексенбаев Төлеуғазы Төлеубекұлына  «Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қатысқаны үшін» Құрмет грамотасын тапсырды.
Өзінің сөзінде бас директор бұл марапат барлық РМҚК «Қазавиаорманқорғау» -дың ен




Өрттің Алдын - Алу Басты Мақсат

Ауданымызда 2011 жылдан бастап орман қорын кадағалау мақсатында "Казавияорманқорғау" Қазақстан мемлекеттік қазыналық мекемесі қызметкрелері жұмыс жасап келеді. Олардың құрамында 5 өрт сөндіруші, 1 инструктор, 1 ұшқыш, 1 аға бақылаушы ұшқыш жұмыс атқарады. Жалпы облыс бойынша 10 мемлекет орман шаруашылығын (жер көлемі 3 млн 74 мың га) әуеден бақылауды қамтамасыз ететін авиотопта BELL - 206 тік ұшағы және Cessna - 182 ұшағы бар.
-Біздің негізгі жұмысымыз ормандағы өрттің алдын-алу. Орман өрті қаупсіздік класына байланысты орындалады. Мәселен, күніне 3-4 класс кезінде 2-3 рет әуеден бақылау жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар сексеуіл ормандарын қадағалау, қызыл кітапка еңген жануарларды атқандарды немесе заңсыз аңшылыққа шыққандарды бақылап, тиісті орындарға хабарлаймыз. Біз әр жылдың сәуір айынан бастап, қараша айының 20-на дейінгі аралықта орт қауіпсіздігін бақылаймыз. Мойынкұм халқына айтарым, орманды алқапқа кіргенде темекі тұқылын, түрлі мақсатта жаққан оттарын сөндіріп, байлығымыз өз орманымызды тілсіз жаудан сақтайық. - дейді аға бақылаушы ұшқыш Якупжан Ибрагимов.

Талғат САРЫБАЕВ,
"Мойынкұм таңы"


КӨКТЕН ДЕ ЖЕРДЕН...

Катонқарағай МҰТП жылда көктем айларында өткізіп жүретін орман және дала өртін сөндіру жөніндегі жаттығуын Үлкен Нарын орман шаруашылығының және көршілес Зырян ауданындағы әріптестерін, «Қазавиаорманқорғау» базасының Катонқарағай бөлімшесінің, аудандағы №36 және №37 өрт сөндіру бөлімдерінің өрт сөндірушілерін қатыстыра отырып, біріккен іс-қимылмен кең көлемде жүргізді.
Жаттығуға барлығы жиырмадан астам өрт сөндіру техникалары, екі тікұшақ, оншақты ат, екі жүзге тарта адам күші тартылды. Оған көрші Ресей елінен байқаушылар, ауыл әкімдері арнайы келіп, тілсіз жауды «ауыздықтаудағы» біріккен іс-қимылдардың куәсі болды.
Жаттығуға да өте қолайлы «Үшкүнгей» телімі таңдап алынды. Бір жағы қайың мен терек, қылқан жапырақты ағаш өскен ну орман, екінші жағы ашық беткейлі жота, ортасы ашық алаң жаттығуды өткізуге де, оған басшылық жасауға да таптырмас орын болды.
Жаттығудың ашылуы салтанатты түрде өтті. Қазақстан Республикасының Әнұраны ойналып, сапқа тұрған өрт сөндірушілер алдында Катонқарағай МҰТП бас директоры Ерлан Мустафин кіріспе сөз сөйледі. Жаттығуға қатысушыларды Алматыдан арнайы келген РМҚК авиациямен орманды қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету қазақ базасының бас директоры Сексенбаев Төлеуғазы, аудан әкімінің орынбасары Жанболат Тыныбеков құттықтады.
Өрттің тұтанғаны туралы дабыл көтерілгеннен кейін, өрт сөндірушілер жіті қимылмен іске кірісті. Биік тау беткейінде тұтанған өртке жүргіштігі
жоғары өрт сөндіргіш машиналар, атты жасақ қарсы барды. МИ-2, МИ-8 тікұшақтарынан десанттар түсіріліп, темір құбырлармен су жеткізілді. Орман ішінде тұтанған өртпен №36, №37 өрт сөндіру бөлімдері мен Зырян, Үлкен Нарын орман шаруашылықтарының өрт сөндіргіш техникалары, адамдары, МҰТП-нің MTЛ шынжыр табанды тракторы ашық айқасқа түсті. Жаттығуға қатысушылардың жақсы дайындығы мен шеберліктерінің арқасында бас аяғы он бес минуттың ішінде он екі жерде болған өрт тоқтатылып, жарты сағатта толығымен жойылды.
Жаттығу қорытындысында сөйлеген сөздерінде Е. Мұстафин, Ж. Тыныбеков өрт сөндірушілердің бірлескен қимылдарына жоғары баға берді. Астаналық мейман, «Қазавиақұтқару» Акционерлік қоғамының Бас директоры М. Досымбеков, Т. Сексенбаев бүгінгі жаттығу жұмысына ризашылықтарын білдіріп, өрт сөндірушілерге осы деңгейлерінен түспей шеберліктерін шыңдап, бірліктерін нығайта берулерін тіледі. Сонымен бірге, ол Ресейден келген қонақтарға да сөз арнап, ортақ мақсат, бір мүддеде ынтымақтастықпен екі елге, екі жерге қызмет өте беруге шақырды.

Жәнібек Қызыр
Катонқарағай ауданының газеті "АРАЙ"



ОРМАН КҮЗЕТІНДЕ

Орманды өрттен сақтау қашанда ерекше назарда тұрған мақсаттардың бірі болып табылады. Басты байлығымыз саналатын табиғат көркін "тілсіз жаудан" қорғау жерде де, әуеде де жүргізіледі. Бүгінде Қарқаралы ұллтық табиғи паркі иелігіндегі орманды әуеден бақылап, қадағалау жүргізетін бірден бір мекеме - "Қазавиаорманқорғау" болып табылады. Тіқұшақ арқылы орман күзетін атқаратын авиатоп құрамында ұшқыш-бақылаушы Т. Плотников авиа-өрт тобының инструкторы А.Алтынсарин, өрт сөндіруші десантшылар Ж. Алдашов, Ж. Бексултанов, Е. Сатыбалдин, Ж. Дауренұлы, радиооператор Ж. Никамбаевалар бар.
Авиатоптың негізгі мақсаты - орман өртін дер кезінде анықтап, лезде сөндіру, орман заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, орманды бақылау. Қызметтерінде әрдайым оқыс оқиға, төтенше жағдайға дайын болатын мекеме бүгінде маңызды қызметтің бірін атқарып отыр. Жаз шығысымен өрт қаупі ұлғайған шақта, тікұшақ командасының да бақылау жұмыстары күшейе түседі. «Орманды өрттен қорғау - парызымыз» дейтін олар, қашанда қара орман күзетінде қырағылық танытады.
 
Өз тілшімізден, ауданының газеті "Қарқаралы"
4 маусым 2016 жыл


Қазавияорманқорғау қызметкерлеріне арналған

Сын-пікір
 
Қазавияорманқорғау қызметі арқасында 2015 жылғы 12 тамызда орман қоры жерінде болған орман өртінің уақытылы хабарлануы арқасында Бөрлітөбе орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі қызметкерлері өрт орнына қысқа мерзімде жетуіне мүмкіншілік туғызды. Туындаған өртті өшіруде Қазавияорманқорғау қызметкерлері үлкен қызмет етті, қатты соғып тұрған желге қарамастан өрт орасан жерге жіберілмей, өшірілініп алынды.
  
Бөрлітөбе орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің директоры Ж. Құрмашев


Қазавияорманқорғау қызметкерлеріне арналған

Біз Қосқұдық ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі анықтама беру себебіміз 2015 жылы 15 тамыз сағат 16:00 де Алабота орманшылығының № 70-ші орамында «Ақатан» қыстауының маңында өрт болып жатқаны туралы мекеменің кезекшісіне РМҚК Қазавияорманқорғау Жамбыл авиа тобы, аға бақылау ұшқыш Ибрагимов Якупжан Рустамовичтан хабарлама түсті. Өрт Алабота орманшылығының № 70 орамында орын алған, болған өрттің көлемі 287 га. Оның ішінде бос алаңқай жер - 207 га, бұрынғы өртенген жер - 80 га. Өрт қаупі классы жоғары болды, температура 37-38, желдің соғу бағыты Шығыстан-Батысқа қарай болды, өрттің шығу себептері белгісіз. Өрт сөндіруге төмендегідей автокөліктер мен техникалар жұмылдырылды. МТЗ- 80 тракторы 3 бірлік, УАЗ автокөлігі 3 бірлік, 1 УАЗ бірлік өрт сөндіру автокөлігі қатысты. Мекемеден 20 адам және РМҚК Қазавияорманқорғау Жамбыл авиа тобынан 3 десант қатысты. РМҚК Қазавияорманқорғау Жамбыл авиа тобы, аға бақылау ұшқыш Ибрагимов Якупжан Рустамовичқа дер кезінде байқап хабарлама бегені үшін Қосқұдық ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі алғысын айтады.
  
Директордың м.а. Қ. Мергенбаев



АВИАОРМАНҚОРҒАУ - ОРМАН КҮЗЕТІНДЕ

«Семей Орманы» мемлекеттік орман қорығының бүкіл аумағында 2016 жылдың 11 сәуірінен бастап өрт қаупі зор маусым басталды. Сондықтан, Ми-2 тіқұшағының борты 2016 жылдың 13 сәуірінен бастап жедел дайындыққа келтірілді. Авиациялық патрульдер өрт қәупінің санатына және нақты болған өрт санына байланыс жүргізіледі. Сонымен қатар авиациялық патруль кезінде орманның санитарлық жағдайына бақылау жасалып, орманды заңсыз кесушілермен күрес жұмыстары да жүргізіледі.
Өрт қаупі зор маусым басталғаннан бері Семей және Бородулиха филиалдарының аумағында екі өрт туындады. Өртті дер кезінде байқап, жедел әрекет етудің арқасында екі өрт ошағының да таралуына жол берілмей, тез арада тоқтатылды. Сонымен қатар, Семей қаласы аумағында шаруа қожалықтары тарапынан мемлекеттік орман қорына қауіп төндірудің екі фактісі тіркелді. Бұлар - бақылаусыз ауылшаруашылық жерлерін өртеу және жағу.
 20 мамырда Изатулла ауылының маңында ТЖМ, Қазавиаорманқорғау және Орман күзеті күштерінің бірлескен оқу-жаттығуы ұйымдастырылып, оған «Қазавиаорманқорғау» РМҚК директоры Т.Сексенбаев қатысты. Аталған оқу-жаттығу шарасы барысында Қазавиаорманқорғау және Орман күзеті күштері орман өртін сөндіру жаттығуларын жасады. Күн енді жылынып, ыстық жазғы күндер басталған қазіргі шақта адамдар орман өрттерінің шығуына негізгі себеп болатыны рас. Найзағайлар маусымы әлі келе қойған жоқ. Сондықтан, адамдардың орманға енуі қатаң түрде рұқсатнама арқылы жүзеге асырылып, бұл жұмыстарды Орман күзеті жүзеге асыруы тиіс.
А.П. Лебединский, аға ұшқыш-бақылаушы
Аударған: А. Тлеуғазин


Қазавияорманқорғау қызметкерлеріне арналған

Сын-пікір
  
Қазавияорманқорғау қызметі арқасында 2015 жылғы 6 шілдеде Ақсу ауданы, Матай селолық округі жерінде болған дала өртін уақытылы хабарлауы арқасында Бөрлітөбе орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі қызметкерлері өрт орнына қысқа мерзімде жетуіне мүмкіншілік туғызды.
Туындаған өртті ауыздықтауда Қазавияорманқорғау қызметкерлері үлкен көмек көрсетіп, жанқиярлықпен қызмет етті, өрт орман қоры жерлеріне үлкен мөлшерде өтіп кетпеуіне зор үлестерін қосты.
Сол себепті өрт өшіруге қатысқан Қазавияорманқорғау қызметкерлерін ынталандырып, марапаттауларыңызды сұраймын.
  
Бөрлітөбе орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің директоры Ж. Құрмашев


Орман-тоғайды өрттен қорғайық

Өрт - тілсіз жау. Бұған дейін де талай орманды алқаптарды жалмаған өртті болдырмау қоршаған ортаны қорғаушылардың қолында. Сондай жауапкершілік бүгінде «Авиациямен орман қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету» қазақ базасына да артылып отыр. Ол жөнінде «Авиациямен орман қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету» РМҚМ қазақ базасының инженер инспекторы Рахым Исаев баяндады.
- Әсіресе, жаз айларында орман-тоғайда, кең өлкеміздің табиғатында өрттің шығуы жиі кездеседі. Қауіпті өрттің туындау себебі неде?
- Орман-тоғайларда былтырғы шөптер қурап, ауа райы ысып, өрт қауіптілігі ықтимал мерзім келді. Жаз шығып, күн ыси бастағанда, қыстай қар астында жатқан қураған шөптер орман-тоғайға өрт қауіптілігін туғызады. Басты себептері: жеке шаруа қожалықтары көктемгі егіндіктің орнын дай­ындап, мал жайылымын тазартамыз деп, былтырдан қалған шөптерді өртейді. Ал өрт жүздеген, мыңдаған гектарға жетіп, орман-тоғайға өтеді.
Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігі әрбір облыс әкімдеріне жіберген: «Өткен жылдан қалған шөпті өртемеу» деген тапсырмасын іске асыруымыз керек. Сондықтан шаруа қожалықтары ауылдық округтік әкімдіктер, орман шаруашылығы қызметкерлері дала өртіне жол бермей, өрт қауіптілігі ережелерін сақтап, газет, теледидар, радио арқылы халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, табиғат байлықтарын сақтап, қорғау жолында күресу керек.
- «Өрт қауіптілігін бақылау» маусымы аясында қандай міндеттер жүктеліп отыр?
- Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық комитеті 2012 жылы орманда өрт қаупі маусымына қарсы дайындық жасау үшін Орман кодексінің 4-бабының 55-тармағына сәйкес, климаттық факторларды және ауа райы жағдайларының болжамын ескере отырып, 2012 жылы орман өрті қаупі бар маусымының басталу және аяқталу күнін белгілеп, 30.03.2012 ж. №88 бұйрығын шығарып, еліміздегі орманшыларға, «Авиациямен орман қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету» қазақ базасына, облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекцияларға, мемлекеттік табиғи қорықтарға, мемлекеттік ұлттық парктерге, мемлекеттік табиғи резерваттар және орман шаруашылығы комитетіне ведомстволық бағынысты ұйымдарының бірінші басшыларының дербес жауапкершілігі белгіленіп, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, шаруа қожалықтарының және өзге ауыл шаруашылығы танаптарында аңыздықты, егістік және басқа да өсімдік қалдықтарын өртеуіне бақылау жасалуын қамтамасыз етіп, орман өрттерінің шығу фактілері бойынша істің дер кезінде рәсімделуін және материалдардың құқық қорғау органдарына дер кезінде берілуін қамтамасыз етуді міндеттеді.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен Төтенше жағдайлар министрлігі, Өртке қарсы қызмет көрсету комитетінің «Орман өрттері шыққан жағдайларда өзара хабардар ету туралы» 2009 жылы 29 мамырдағы №12 және 2009 жылғы 5 маусымдағы №163 бұйрықтары, сондай-ақ «ҚР-дың орман қоры аумағындағы ірі орман өрттері туралы жедел хабарландыру схемасын бекіту туралы» комитеттің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдары «Ормандарды авиациямен қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету» қазақ базасы бірінші басшыларының дербес жауапкершілігі белгіленді.
Жыл сайын әр облыстың аудандық, ауылдық әкімшіліктерде, осы әкімшіліктердің әкімдері, жергілікті орман шаруашылығының басшылары, «Авиациямен орман қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету» қазақ базасынан, төтенше жағдайлар бөлімінен аудандық өрт сөндіру бөлімінен, аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік нұсқаушылары, шаруа қожалықтарының басшылары қатыстырылып, орман-тоғайды өрттен сақтап қалу үшін өртке қауіпті маусымға өртті болдырмаудың шараларын қарап, үлкен жиналыс ашып, шешім қабылданады. «Қазавиаорманқор­ғау» базасында биылғы жылдың қауіптілігі бар маусымына дайындық ретінде республика бойынша әрбір авиабөлімшелерде өрт сөндіруші десантшылармен, ұшқыш бақылаушылармен оқулар, дайындықтар өткізіліп, жаңа маусымға сақадай-сай болып дайындалды.
- Ал осыған дейін орын алған өрттің шығуына қарапайым жандардың кесірі тиіп жүрген жоқ па?
- Орман өртінің пайда болуына 90 пайыз адамдар кінәлі: орман-тоғайда өртке қарсы ережелерді білмеуінен немесе білсе де өртке қарсы ережелерді сақтамауынан, орман-тоғайда жұмыс істеп жүрген демалушылардан кейін өшірілмей қалған от алаулары, автокөлік пен тракторлардан шыққан ұшқын, сөндірілмеген темекі қалдығы, т.б. Осының салдарынан қурап тұрған шөп тұтанып, үлкен өртке айналады. Өрт шыққан сәтте жел соғып, дауыл тұрып, қас-қағым сәтте үлкен алқап жанып кетеді. Егер орманшылар мен әуеден қорғайтын өрт сөндіруші десантшылар тез шара қолданып өшірмесе, халық шаруашылығы миллиондаған теңге шығынға ұшырайды.
Өртенген ағаштар қайта қалпына келу үшін ондаған жылдар керек. Өрт жүріп өткен жерде қаншама жабайы аңдар, құстар, олардың ұялары отқа жанып кетеді. «Семей орманы» резерватында, Беген ауылында адамдар шығын болып, бүкіл бір ауыл жанып кеткен жағдай болған. Ал орман өрттерін өшіруге мыңдаған адам, жүздеген техника, тікұшақтар қатыстырылады. Осының бәрі орман шаруашылығына, халық үшін өте көп шығын.
Ал орман-тоғайдың адам өміріне берер пайдасы өте көп: оттегі, денсаулық, ауа райын жұмсартады, халықтың демалатын орны, таудағы, орман-тоғайдағы қыста жауған қар мен мәңгілік мұздардың тез еріп кетуіне кедергі жасап, көктемнен күзге дейін таудың басындағы бұлақ көздерін сумен толтырып, олар өзен арналарына құйылып, ауыл шаруашылығын, егін суаратын сумен қамтамасыз етеді. Орман-тоғайлардың көп өртенуінің салдарынан өзендердің сулары азайып, көлдердің деңгейі төмендеп, тартылып жатыр. Мұндай жағдайлар бүкіл жер жүзінде болып жатқан құбылыстар.
- Өрттің құрбаны болмас үшін қандай алдын алу шараларын жүргізу керек?
- Мысалы, Парижде Сена өзенінің жағасында үлкен қалалық жағажай бар. Сол жерге миллиондаған қала халқы жиналып, Бастилияны алған күнді атап өтеді. Сол мейрам өткен үлкен аумақта демалушылардан кейін ешқандай тойдың ізін қалдырмай барлық қоқысты жұрт өзімен жинап алып кетеді. Мұны халық өздерінің парызы ретінде санайды.
Неге бізге де орман-тоғайға, тауларға демалуға барған халыққа солай жасап, тәртіп орнатпасқа? Орман өрттерін өшіруден сақтандыру жеңіл.
Көбіне саяхатшыларымыз жақсы, табиғаты сұлу жерлерге барып демалады. Сондықтан әрқайсысы өрт қауіпсіздігін сақтап, сөндірілмеген темекі қалдығын, жағылған сіріңкені тастамай, от алауын өшіріп, отырған орындарын тазалап кетулері керек.


Табиғат байлығы - Халық байлығы

Кім болса да өзінің кіндік қаны тамған жері, туған өлкесі, оның табиғат таңғажайыптары, ерекше таулары мен орман-тоғайларымен мақтанатыны рас. Ол - жазылмған заңдылық.Өйткені жер бетіндегі ең сұлу, ең әдемі жер - кез келген адам үшін туған жері. Сол туған жерінің табиғат байлығы. Табиғаттың сыйға тартқан байлығын, тау-тасын, өзен-көлін ата-бабаларымыз қорғаштап, күтіп-баптап жүріп бізге жеткізді. Біз өз кезегінде ұрпағымызға бүлінбеген қалпында аманаттауымыз керек. Оны сол қалпында сақтап, тауыспай, керісінше көбейтіп, жақсартып,жасартып, сәндей түсу борыш деп саналса дұрыс болар еді. Табиғатты аялайық оны қорғайық деп дабыраны көп жасағанымызбен, шынайы іске келгенде тоқырайтын да сәттер болатындығы бүгінгі күннің шындығы.
Аудандық орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің мәліметтеріне сүйенер болсақ, мемлекеттік орман қоры аумағына үстіміздегі жылдың бүгінгі күніне 70 рет рейд жүргізіліп, оның нәтижесінде табиғат қорғау заңдылықтары бұзылған 20 жағдай анықталған. Оның ішінде 16 адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық істер Кодексіне сай «Ағаштар мен өскіндерді заңсыз кесіп, жойғаны және зиян келтіргені» үшін айыпты деп саналып, жауапкершілікке тартылған. Сараптама көрсеткендей бүл азаматтар мемлекеттік орман қорына 1 724 006 теңге көлемінде залал келтірген. Бұл залалдың орны толтырылды. Осы жерде қосымша айта кететін жайт, аталмыш Кодекске өзгерістер енгізілгеніне байланысты жыл басынан бері заңсыздыққа жол берген жандардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, олар құқық қорғау органдары алдында жауап беретін болады. Яғни, заңсыз қарағай кесу немесе аң аулаудан бұрын оның соңы немен аяқталатындығын ойланған абзал.
Орманшылар жыл бойы өз міндеттеріне сай орманды алқаптарды өрт қауіпсіздігінен сақтап, бұл бағытта біршама шаруалардың басын қайырды. Өрттің алдын алу шараларын ұйымдастырып, төтенше жағдайларды болдырмауға әзірлік жұмыстарын жүйелі жүргізді.
Солай бола тұра кейде ормандықтар тілсіз жаудың құрбанына айналып отырған сәттер де жоқ емес. Оның басты себептерінің бірі адам факторы екендігі де даусыз. Биыл ормандықтарда өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитарлық қағидаларды бұзған екі жағдай тіркеліп, айыптыларға 99100 теңге айыппұл салынып, әкімшілік жаза қолданылды.
Соңғы кездері екінің бірі аңшылықгы әуес көріп, онымен айналысуды «модаға» айналдырды. Әрине біреулер үшін ол шынымен әуестік болар, демалудың бір үрдісі саналар, енді біреулер үшін күнкөрістің түрі болғандай. Әсіресе хайуанаттар әлеміне көз салушылар мен қол сұғушылардың көбейгендігі де жасырын емес. Әрине заңсыз жолмен аңның етін жегісі келетіндер көбінесе қарапайым халық емес, ірі лауазым иелері екендігін де білеміз. Қызмет бабын пайдаланып, халық байлығына қол сұғушылар, бабалар аманатына қиянат жасағандықтарымен қоймай, заңды да белшесінен басып, тіпті кейде жазадан да құтылып жататындары да бар. Дей тұрғанмен заңның құрығы ұзын, бірде болмаса бірде «дөп» тиері анық.
Әлбетте кейде әуесқой немесе кәсіби аңшылардың да заңды белшесінен басатын кездері кездесіп қалады. Мәселен, аудандық орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесіне қарасты орман шаруашылығының мамандары жақында осындай екі жағдай бойынша айыптылардың ісін аудандық ішкі істер бөліміне тапсырды. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық Кодексі бойынша хайуанаттар әлемін пайдалану талаптары мен аңшылық заңдылықтарын бүзған аңшылардан екі мылтық мәселе түбегейлі шешілгенше тартылып алынды. Айта кететін нәрсе, жалпы көлемі 259,715 гектар алқапты алып жатқан аудандық орман шаруашылығы төрт орманшылық шағын шаруашылыққа бөлініп, оның құрамында он екі шеберлік учаскелері бар. Ол шаруашылықтарды басқаратын төрт жетекші жэне шеберлік учаскелеріндегі он екі шебер инженер мамандардың көмегі мен бағыт-бағдарына сүйеніп, 56 орманшы-қорықшының жұмысын үйлестіріп келеді. Бұл әрине оңай шаруа емес. Орман шаруашылығының аумағы тікұшақпен де күзетіледі. Бұл өртке оранған жерлер мен табиғат қорғау заңдылықтарын бұзғандарды анықтаудың тиімді бір жолы деуге болады. Өткен аптада осындай көктен тексерілген рейдтің құрамында болып, өзіміз де біраз жағдайға қанық болдық. Құрамында «Қазавиорманқорғау» республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесінің бас директоры Төлеуғазы Сексенбаев, осы мекемеге қатысты оңтүстік авиазвеносының командирі Жанат Мамбаев, аудандық орман шаруашылығы орман күзету инженері Марс Аппазов және аңшылық жөніндегі маман Рустәм һезимов, аудандық аңшылық шаруашылықтарының бірін басқарып отырған Һашим Имиров, аудандық ішкі істер бөлімі лицензиялау және құрал айналымын бақылау тобының инспекторы Сырым Серікболов және осы жолдардың авторы қатысқан рейд күні бойы жалғасып, тікұшаққа мемлекет қоржынынан берілген қаржы толық игерілді деуге болады.
Шонжы-Қалжат тас жолы бойындағы «Мираж» демалыс аймағына жиналған рейд мүшелерін көкке көтерген тікұшақ алдын ала жасалған маршрут бойынша «Адал» аңшылық шаруашылығының аумағынан басталды. Қарадаланы аралай төмендеп, Іле өзенін өрлей ұшқан тікұшақ иллюминаторынан «Тойота» автокөлігін байқадық. Оның үстінен бір айналып жерге қонған қанатты көліктен қарғып түскен полиция қызметкері мен орманшы мамандарының ізімен біз де көлік тоқтаған жерге жеттік. Аудан тұрғыны С.С.ға аумен балық аулаудың тәртібі мен ережесі жайлы түсінік берілгеннен соң тікұшақ әуеге қайта көтерілді. Өзенді бойлай ұшқан тікұшақ Кетпен тауларын аралап, Ақтам ауылында жиналған орманшылармен кездесіп, Төлеуғазы Төлеубайұлы олардың күнделікті жұмыстарымен жақыннан танысты. Табиғат күзетінде жүрген орманшылардың қиын да аса жауапты жұмыстарына өз бағасын берген бас директор бұл істің болашақ ұрпақ үшін аса құнды екендігін айтып, әріптестеріне табыстар тіледі.
Тағы да көкке көтерілдік. Қарадала төсімен төмендеп, Бахар ауылының үстімен Сарытоғай ерен тоғайы мен оның айналасын аралап баяу сырғып ағып жатқан Іле өзені жағына қарай бет бұрдық. Тікұшақтың құлақ жарардай шуын елемей, жан-жақты бақылап келеміз. Тағы бір шетел көлігінің аңшылық құрып шыққандығын байқаған соң, төмендеп, олардың құжаттарын қасымыздағы тиісті құзырлы орган қызметкерлері тексеріп, бәрінің заңды түрде екендігіне көз жеткізген соң маршрутты қайта жалғастырдық. «Олжа бастау» аң шаруашылығының аумағын аралау барысында, биіктегі бақылаудан өзен бойында тұрған жол таңдамайтын шетел көлігі көзге ілінді. Аудан тұрғыны Б.К.ның қолындағы ұзындығы 50 метрлік балық ұстайтын торды тәркілеген мамандар, арнайы құжат толтырып, акт жазып балықшыға балық аулаудың ережелері мен тәртібін түсіндірді. Осы жерде айта кететін тағы бір маңызды нәрсе жоғарыдағы адамдардың көліктерінде заңсыз ұсталған балық болмады. Өзенді жағалай жоғары көтерілгенде «КАМАЗ» жүк көлігіне отын басып жатқан бір топ жігітті байқадық. Олардың да отын алуға рұқсаттары болып шықты. Заң бұзушылық байқалмады. Рейдті тамамдап, кешке қарай «Мираж» демалыс аймағына келіп қондық.
«Қазавиаорманқорғау» мекемесінің бастамасымен ұйымдастырылған рейдтің қорытындысын жасаған аталмыш мекеме басшысы Төлеуғазы Сексенбаев бұл шараның қылмыстың алдын aлy және табиғат байлығын бүлдіруге жол бермеу мақсатымен өткендігін айтып, экипаж және рейдке қатысқан барлық азаматтарға ризашылық сезімін жеткізді. Айлық жалақыларының аздығына қарамастан халық байлығы күзетінде жүрген орманшылардың жұмыстарына табыстар тілеп, өз кезегінде мекеме тарапынан мүмкіндігінше көмек көрсетілетіндігіне сенім білдіріп, осындай рейдтердің жиі ұйымдастырылуына мұрындық болатындығын да баса айтты.
Табиғатты баға жетпес байлыққа теңейміз, ал оның қорғалуы мен сақталуына келгенде салғырттық танытып жататынымыз да жасырын емес. Әр адам орман мен қорықтардағы аң-құстардың, тал-теректің көбеюіне, өсіп-өнуіне себепкер болып отырса нұр үстіне нұр. Өйткені болашақ ұрпақ алдында бабадан қалған енсіз байлық табиғаттың құрып кетпеуі бүгін біздің қолымызда болса, ертең балалар сол дәстүрді жалғап, өз ұрпағына жеткізуі үшін де мақсатты жұмыс керек-ақ. Рейдтің де діттегені осы болатын.

Махмут ИСРАПИЛОВ, Қарадала тынысы нәпәси №46 2015 ж.


ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ-БАСТЫ MІНДЕТ

Сәрсенбінің сәтті күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Бақанас орман шаруашылығының 2015 жылғы атқарылған жұмыстарының қорытындысы жайында және 2016 жылға өрт маусымына дайындығы туралы кеңестік жиын өтті.
Аталмыш жиынға облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Нүсіпбаев Қанат Ақылулы, «Авиациямен орман қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасының» оңтүстік авиазвеносының командирі Мамбаев Жанат арнайы келіп қатысты.
Кеңестік жиынды аудан әкімінің орынбасары Бақытбек Рахымбаев жүргізді. Басқосуға селолық округ әкімдері, «Авиациямен орманды қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы», аудандық төтенше жағдай бөлімі, аудандық өрт сөндіру бөлімі, аудандық ішкі істер бөлімі, учаскелік инспекторлар, шаруа қожалықтар басшылары қатысты.
Алғашқы болып сөз кезегін алған Бақанас орман шаруашылығының директоры Ақшабай Нұрханов өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстардың жетістігі мен кемшілік тұстарына тоқтала келе, үстіміздегі жылға өрт маусымына дайындықтары туралы кеңінен баяндама жасады. Баяндама барысында Бақанас орман шаруашылығына қарасты жер көлемі мен мемлекеттік мекемедегі қызыметкерлердің штат кестесі бойынша, сонымен қатар, техникалық базасына қысқаша тоқталып, ауданымыздың байлығын сақтап, өрт қаупінің алдын алудағы жоспарлы істерін атап өтті.
Жиын соңында жыл қорытындысы бойынша орман шаруашылығын нығайтуға қосқан үлестері үшін қызметкерлерді марапаттады.

Балқаш ауданы, Бақанас ауылы


2018 жылдың 23-24 қазаны аралығында табиғатты пайдалану ережелерінің сақталуын қадағалау және қоршаған ортаны қорғау заңнаманы бұзушылықтарды анықтау мақсатында ұшулар жүргізілді

 2018 жылдың 23-24 қазаны аралығында РМҚК «Қазавиаорманқорғау» мемлекеттік кәсіпорнының мамандары табиғат пайдалану заңнамасының сақталуын қадағалау және қоршаған ортаны қорғау заңнаманы бұзушылықты анықтау мақсатында Ұлттық табиғи парк аумағында Қарқаралы МҰТП өкілдерімен бірге ұшып шықты. Әуепатрульдеу  барысында сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жабайы тұяқтылардың түрлері тіркелді. Аймақтың авиациялық инспекциясының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасын бұзу анықталған жоқ.
ПАРК БОЙЫНША ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 1998 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1212 Жарлығымен құрылды. Құрылудың мақсаты - Қарқаралық және Кент таулы ормандарының бірегей табиғи кешендерін сақтау және қалпына келтіру болды.
Қарқаралы-Кент тау түйіні бес салыстырмалы түрде бөлінген тау топтарынан тұрады: Бұғылы, Шанкөз, Матен, Aйыртау және Кент. Қарқаралы таулары мен Кент Массиві көріністі ландшафты асимметрияға ие: олардың солтүстік беткейлерлері тік және бұлақтар мен өсімдікке бай, оңтүстік және батысқа  қарағанда. Олар - жартас жоталар мен шыңдар желісін қалыптастырады, олар бір-бірінен терең шатқалдармен, аралық таулы алқапта және жұмсақ  жазықтармен бөлінеді.
Осылайша, Қарқаралы массивінде Тар-кезең және Ақпет, Бұғылы және Айыр шыңдары,  ерекше шыңдармен танымал Комсомол шыңы (1,403 м), Шанкоз (1,360), Бугулы (1,323), Көктөбе (1 254) және басқа да бірқатар айтарлықтай биіктікте.
Ұлттық парктің аумағында омыртқалы жануарлардың 190 түрі, сүтқоректілердің 46 түрі, құстардың 120-дан астам түрі, бауырымен жорғалаушылардың 6 түрі, амфибияның 2 түрі және балықтардың 15 түрі бар. Жыртқыштардан қасқыр, түлкі, сілеусін.
1940 жылға дейін ұлттық парк аумағында аюлар кездесетін. Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген жануарлардан мына  тұрлері бар: арқар, манул; құстар - бұйра пеликан,  аққулар, алтын бүркіт, жерлеу алаңы, шалғай, шелпек, шауып, қара шалбар.
Каркаралы тауларында өсімдіктердің 800-ге жуық түрі кездеседі. Қазіргі уақытта Қарқаралы МҰТП территориясында арнайы қорғанысқа мұқтаж 66 өсімдіктердің түрі  және 15 қырыққұлақ түрлері анықталды. 5 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген: жіңішке көкнәр, Қарқаралы қарақұйрықтары, Еділ адонисі, тәтті сфагнум, қырғыз қайыңы.
 Мақалада аға бақылаушы Т.В.Плотниковтың фотосуреттері пайдаланылды.

 

Назад    Вперед